Аңдатпа

Мақала ішкі істер органдарының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі цифрлық ортаның іздердің қалыптасу тетігін, криминалистикалық маңызы бар ақпаратты алу тәсілдерін және жедел, тергеу мен жедел-криминалистикалық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды өзгертуімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – аталған қызметті криминалистикалық қамтамасыз етудің ғылыми негізделген бағыттарын жүйелеу және олардың өзара байланысын анықтау. Талдау, синтез, салыстырмалы және жүйелік-құрылымдық зерттеу, сондай-ақ ғылыми қорытындылау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде криминалистикалық қамтамасыз етуді цифрлық ақпаратты уақтылы анықтау мен сақтауды, цифрлық іздермен әдістемелік тұрғыдан дұрыс жұмыс істеуді, құзыретті мамандардың қатысуын, криминалистикалық тіркеуді стандарттауды, ақпараттық өзара іс-қимылды және кәсіби даярлықты тұрақты жаңартуды қамтитын өзара байланысты жүйе ретінде құру орынды екені анықталды. Жекелеген техникалық құралдарды оқшау дамыту осы элементтердің ұйымдастырушылық үйлесімділігін алмастырмайтыны көрсетілді. Қорытындыда құзыреттілікке, цифрлық іздерді бекіту мен есепке алу рәсімдеріне бірыңғай талаптар, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы және халықаралық ақпарат алмасудың тұрақты арналары практикалық маңызға ие екені негізделді.

PDF (орыс тілі)

Әдебиеттер тізімі