PDF (орыс тілі)

Кілт сөздер

Конституция
Конституциялық Сот
құқықтық ұстанымдар
қылмыстық заң
шартты түрде мерзімінен бұрын босату
шектеулер

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУ:КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР. (2026). VERITAS LEGIS JOURNAL, 2(1). https://doi.org/10.62687/VLJ.1.2.2026.30

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМББ) институтының қазіргі жағдайы мен қылмыстық саясат контексіндегі даму үрдістері қарастырылады. Автор ШМББ сотталғандарды түзеудің құқықтық тетігінің маңызды элементі болып табылатынын, оның қайта әлеуметтендіру, экономикалық және гуманистік функцияларды атқаратынын ерекше атап өтеді. Зерттеудің өзектілігі заңнамадағы өзгерістермен қатар, ШМББ қолдануға қойылған шектеулер кезінде конституциялық қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігімен де айқындалады. Зерттеудің мақсаты ШМББ-ның құқықтық негіздерін талдау, оны қолданудағы қолданыстағы шектеулерді анықтау және олардың Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін бағалау. Қойылған міндеттердің қатарында сот тәжірибесін зерделеу және ШМББ қолданылуына ықпал ететін Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын талдау да бар. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның мемлекеттік саясаты жекелеген қылмыс санаттары, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар бойынша ШМББ шарттарын қатаңдату үрдісін көрсететіні анықталды. Конституциялық Соттың талданған нормативтік қаулылары заңның кері күші мен ҚК мен ҚАЖК нормаларының арақатынасына қатысты түсіндіру кезінде құқық қолданудың бірыңғай еместігін айқындайды. Қорытындыда ШМББ туралы заңнаманы жетілдіру мен сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтіледі. Бұл құқықтық айқындықты күшейтуге, сондай-ақ әділдік, гуманизм және қоғамды қорғау арасындағы тепе-теңдікті іске асыруға мүмкіндік береді. Автор ШМББ шектеулерін пропорционалдық қағидаты мен сотталғандардың жағдайын негізсіз нашарлатуға жол бермеу принципіне сәйкестендіруде конституциялық бақылаудың маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.

PDF (орыс тілі)