Аңдатпа
Әлеуметтік заңнамадағы тәуекелдер құқықтық конституциялық кепілдіктерді қалыптастырудың және реттеуші жіктеуіштердің негізгі өлшемшарттары болып табылады. 2023 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қабылданып, онда заңнамалық деңгейде алғаш рет «әлеуметтік тәуекел» ұғымына анықтама беріліп, оның негізін құрайтын кейбір заңды фактілер тізбеленді. Алайда аталған кодификацияланған нормативтік құқықтық актіде ұсынылған бұл тізбе едәуір шектеулі. Ол осы кодекспен реттелмеген көптеген ережелерді, сондай-ақ өзге заңнамалық актілермен немесе халықаралық құқық нормаларымен реттелетін қатынастарды қамтымайды. Сонымен қатар, онда «ақаулы құқықтық норма» немесе құқықтық казуистика белгілеріне сәйкес келетін жекелеген құқықтық нормалар да кездеседі.
Осы мақаланың мақсаты – «әлеуметтік тәуекелдер» құқықтық санатының теориялық, құқықтық реттеу және құқық қолдану аспектілерін қамтитын ғылыми-талдамалық зерттеуді ұсыну болып табылады.
Зерттеу барысында автор келесі міндеттерді шешуді көздейді: зерттеліп отырған құқықтық санаттың мазмұндық-бағалау мәнін айқындау, әлеуметтік тәуекелдерді олардың негізгі мақсаты мен мағыналық табиғатына қарай қысқаша жіктеуішін ұсыну, сондай-ақ еліміздің ұлттық заңнамасында кездесетін кейбір «ақаулы» құқықтық нормаларды талдау арқылы олардың Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ықпал ету факторы мен деңгейін анықтау.
Мақала авторы талданып отырған казуистикалық реттеушілер мен құқық көздеріндегі кемшіліктерді түзетуге бағытталған нақты құқықтық өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар береді. Мақаланың қорытындысында жүргізілген ғылыми-құқықтық зерттеудің нәтижелері баяндалады.