Қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.62687/VLJ.1.1.2025.7Кілт сөздер:
тұтынушылық несие, қаржылық сауаттылық, омбудсмен, кредиттік рейтинг.Аңдатпа
Мақалада қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың халықаралық тәжірибесіне терең талдау жүргізіліп, әртүрлі елдерде қолданылатын құқықтық механизмдер мен тәжірибелер, сондай-ақ олардың Қазақстандағы әлеуетті бейімделуі қарастырылады. Тұтынушылық несиелендіруді реттеудің негізгі аспектілері, оның ішінде несиелеу шарттарының ашықтығын қамтамасыз ету шаралары, жосықсыз несие берушілерден қорғау тетіктері, сондай-ақ халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған құралдар қарастырылады. Қарыз алушыларды қорғаудың әртүрлі тәсілдерінің тиімділігін көрсететін деректер мен талдамалық материалдар келтіріледі, сондай-ақ халықаралық тәжірибенің табысты жағдайлары егжей-тегжейлі талданады. Салыстырмалы талдау шеңберінде Еуропалық Одақты, АҚШ-ты және Азия елдерін қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамыған елдердегі заңнамалық бастамалардың ерекшеліктері және олардың Қазақстанда қолданылу мүмкіндігі қарастырылады. Еліміздегі кредиттік рейтингін қалыпастыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне талдау жасалады. Қазақстандағы қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қазіргі жағдайын бағалауға, заңнамадағы және құқық қолдану практикасындағы әлсіз жақтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Кредиторлар қызметін бақылаудың тиімді тетіктерін енгізуді, қаржы омбудсмені жүйесін дамытуды және кредиттік ұйымдарға мемлекеттік қадағалауды күшейтуді қоса алғанда, халықаралық тәжірибе тұрғысынан ұлттық реттеуді жетілдіру перспективалары қаралады. Осылайша, мақала халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге негізделген қарыз алушыларды қорғау мәселелерін зерделеудің кешенді тәсілін ұсынады және оларды Қазақстан жағдайларына бейімдеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды. Зерттеудің мақсаты - қарыз алушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеп, оны Қазақстанға бейімдеу ұсыныстарын әзірлеу.