PDF

Кілт сөздер

әлеуметтік әріптестік, адам капиталы, еңбек қатынастары, кәсіподақ, ұжымдық шарт, еңбек жағдайлары, қоғамдық бақылау, келісім комиссиясы

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: ЕҢБЕК ҚАТНАСТАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖҮЙЕСІН, АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК СҰРАҚТАР . (2026). VERITAS LEGIS JOURNAL, 2(2). https://doi.org/10.62687/VLJ.2.2.2026.56

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, алғаш рет, еңбек қатынастарында әлеуметтік әріптестік жүйесін және адам капиталын дамытудың маңызды құқықтық негіздерін қалыптастырды. Мақалада Конституцияның 3, 10, 26, 27-баптарында бекітілген әркімнің еңбек ету құқығы, әлеуметтік қорғалуы, қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларымен, қамтамасыз етілуі, адам капиталын дамыту қағидаттарының теориялық және тәжірибелік мәселелері зерттеуге алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021–2024 жылдардағы жолдауларында айқындалған адам капиталын дамыту, еңбек нарығын реттеу, әлеуметтік теңсіздікті төмендету және әлеуметтік әріптестікті нығайту міндеттері бойынша мәлімделген тұжырымдар талдауға алынды. Еңбек кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» Заңдардың нормалары, БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактісі мен Азаматтық және саяти құқықтар туралы Пактісі, ХЕҰ-ның Конвенциялары негізінде кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі рөлі, ұжымдық шарттардың маңызы, еңбек дауларын шешудің келісім комиссиялары арқылы іске асырылуы талаптары және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері зерттеледі. Ұйымдар деңгейінде еңбек жағдайларын құқықтық реттеудегі олқылықтар анықталып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және адам капиталын дамыту бағытында заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар берілді.

PDF

Әдебиеттер тізімі