Аңдатпа
Ғылыми мақалада Еуразиялық экономикалық одақта еңбек етушілердің бұзылған еңбек құқықтарын қорғау үшін еңбек дауларын қарайтын органдарға жүгінудің процессуалдық – құқықтық тәртібі қарастырылған. Еңбек жағдайларын өзгерту және жұмыскерлерді басқа жұмысқа ауыстыру мәселелері, еңбекке ақы төлеу мен басқа да еңбек даулары қаншалықты сапалы реттелетін болса, соншалықты жұмыскердің негізгі еңбек құқықтарының сақталуына, олардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына және өндірісті тиімді ұйымдастыруға тікелей әсер етеді. Бұл салада ерекше рөл атқаратын маңызды құрал ретінде ХЕҰ қабылдаған халықаралық еңбек стандарттары зерттеліп, олардың нормалары мен ұсынымдарын ұлттық заңнама үшін бағыттаушы қағидаттар ретінде қызмет ететіндігі қарастырылды. Қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесі көрсетіп отырғандай, еңбек дауларды шешудің нақты құқықтық механизмдерінің жүйеленгеніне қарамастан, заңға қайшы әрекеттердің болуына байланысты жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында еңбек дауының туындауына алып келеді. Ғылыми мақаланың мақсаты ЕАЭО елдерінде еңбек дауларын қарайтын органдардың заңнамамен реттелуі және құқық қолдану тәжірибесінде реттелуі танылады.