Аңдатпа
Мақалада автор ғылым мен технологиядағы ауқымды өзгерістер жағдайында Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін трансформациялаудың өзекті мәселелерін қарастырады. Автор жазалаудың прогрессивті жүйесі тұжырымдамасын қылмыстық саясатты ізгілендіру мен «түрме халқының» санын азайту механизмінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Жазаны атқару, тәрбие процесі шараларын іске асыру және пробациялық бақылау барысында ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, атап айтқанда, жасанды интеллект (AI), IT-технологиялар және т.б. салаларды қолдануға ерекше назар аударылады. Автор қылмыстық сот ісін жүргізу аясына түскен адамдардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалаудың заманауи құралдарын кеңінен қолданбайынша, қоғамдық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес екенін атап өтеді. Зерттеудің негізгі мақсаты — цифрлық шешімдерді енгізу арқылы прогрессивті жүйені жетілдіру бойынша теориялық принциптер мен практикалық ұсыныстар әзірлеу. Осы мақсатқа жету үшін автор прогрессивті жүйе ұғымын анықтау, GPS, VR-терапия сияқты электрондық мониторингті жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу, пробациялық бақылау функцияларын арнайы қызметтерге беру қажеттілігін негіздеу міндеттерін қойды. Мақалада АҚШ-тағы биометриялық деректері бар білезіктерді, Қытайдағы эмоцияны тану жүйесін, Ұлыбританиядағы кодинг-курстарды пайдаланудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасалған. Қорытындылай келе, автор тәрбиелік ықпал ету мәселелерінде дәстүрлі шараларды бақылаудың озық әдістерімен және AI-супервизиямен ұштастыратын кешенді тәсілге баса назар аударады. Ұсынылған шараларды іске асыру қайталама қылмыстардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.