Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында киберқылмыстылықтың өсуі және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына байланысты қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері қарастырылады. Киберқауіпсіздік саласындағы стратегиялық құжаттарға (киберқауіпсіздік жөніндегі «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы, 2023–2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, АКТ-ны және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасы) талдау жүргізіледі, сондай-ақ электрондық дәлелдемелерге трансшекаралық қолжетімділікті жеңілдету және жедел халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт конвенциясына және БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қосылуының маңызы айқындалады. Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы электрондық құжаттар мен компьютерлік ақпаратты реттеуді тек фрагменттік түрде көздейтіні, бұл киберқылмыстарды ашу және тергеудің практикалық қажеттіліктеріне толық көлемде сәйкес келмейтіні атап өтіледі. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, электрондық дәлелдеме ұғымын нормативтік тұрғыдан бекіту, оларды сақталу орнына қарай жіктеу, сондай-ақ оларды алу, сақталуын қамтамасыз ету, тәркілеу және қылмыстық сот ісін жүргізуде пайдалану бойынша арнайы іс жүргізу тетіктерін енгізудің қажеттілігі негізделеді.